Алматыда электр энергиясы 22:30-да қосылатыны рас па?

Алматыда электр энергиясы 22:30-да қосылатыны рас па?
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы мен Алматы облысында жарық өшкеннен кейін электр қуаты қашан қалпына келетіні туралы ақпарат тарады. Ресми құрылымдар бұл мәлімет фейк екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Электр энергиясы апат жағдайында өшкеннен кейін желіде "жарық сағат 22:30-ға қарай беріледі" деген хабарламалар тарай бастады.

"Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшкеннен кейін мамандар энергия жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша электрмен жабдықтауды бүгін шамамен сағат 22:30-ға қарай толық қалпына келтіру жоспарланып отыр", - деп жазылған чаттарда тарап жатқан хабарламада.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ бұл ақпаратты теріске шығарды. Ал KEGOC өкілдері мамандар электр қуатын қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Жүйелік оператор дереу қалпына келтіру іс-шараларын бастады. Сағат 14:47-де Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарындағы 295 МВт көлеміндегі шектеулер алып тасталды", - деп жазылған ресми хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда, Алматы мен Жетісу облыстарында жарық өшкені хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget