Алматыда экскаватор жасөспірімді басып өлтірді. Ақпаратты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, жол апаты 24 қазанда сағат 8:10-да Алатау ауданында болған.
"15 жастағы жасөспірім Алғабас шағынауданындағы Доспанов көшесімен солтүстік бағытта мопед тізгіндеп келе жатып, "Шевроле" маркалы көлігімен соқтығысты. Салдарынан мопед аударылды. Кейін оқиға салдарынан жол жиегіне құлаған 16 жастағы мопед жолаушысы экскаваторға соғылды", - деді полиция.
Жасөспірім оқиға орнында жан тапсырды. Оқиғаға қатысты соталды тергеу басталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!