Азаматтарға арналған үкімет Алматыда көлік құралдарын тіркеу бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы секторын іске қосты. Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚКО секторы Алматы қ., Майлин көш., 85 мекенжайы бойынша орналасқан.
Жаңа сектор қаланың шығыс бөлігінде Емтихан тіркеу бөлімшесінің (ЕТБ) бұрыңғы ғимаратында орналасқан. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, үй-жайдың жалпы ауданы 300 ш.м құрайды. Аумағында көлік құралдары агрегаттары нөмірлерін салыстыруға арналған ангар мен 100 автотұрағы бар.
«Азаматтарға қолайлы болу, әрі автомобильдерін тіркеп бастауы үшін біз ресми ашылуын күтпей-ақ, мамандандырылған ХҚКО секторын жұмыс тәртібінде іске қостық. Біз реттеу залында 19 жұмыс орнын аштық, сектордың жалпы жұмысшылар саны 30 адамды құрайды, олардың 4-еуі емтихан тіркеу жұмысы бөлімінің қызметкері» - деді Балташева. «Төлемдерді қабылдауға 3 касса орнатылған». Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне «ААІЖ-бақылау» веб - сервисіне әкімшілік айыппұлдарды тексеру үшін қолжітімділік берілген. Сондай-ақ, айдың соңына дейін мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін орналастырып, салық төлемдерін тексеру үшін арнайы бағдарлама орнатуды жоспарлап отырмыз».
Мамандандырылған ХҚКО секторын ашу шешімі жайдан-жай пайда болған жоқ. Жұмыс істеп тұрған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеп немесе қайта тіркеймін деушілердің санын игере алмады. Әсіресе авто әуесқойлардың саны ҚР ІІД мемлекеттік нөмірлерін берудегі эксаумақтық қағидатын енгізген соң арта түсті. Жаңа сектор алматылықтар мен қала қонақтарының көліктерін тіркеу рәсімін жеңілдетуге арналған, ал жүргізуші куәлігін беру және емтихан қабылдау бұрыңғыдай Алатау ауданында орналасқан мамандандырылған ХҚКО арқылы жүзеге асады.
Сондай-ақ, Балташева жаңа секторда 8 бейнебақылау камералары орнатылғанын және олар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау үшін Ахуалдық орталыққа қосылғанын атап өтті.
Секторды іске қосқалы бұл жерде 118 көлік құралы тіркеліп үлгерген.