- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда екі үндістандық...
Алматыда екі үндістандық есірткі қойып кетуші болып жұмыс істеген
Алматыда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шара барысында 24 және 26 жастағы екі Үндістан азаматын ұстады. Олар Прокофьев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан.
"Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша күдіктілерден тәркіленген орамдардың ішінде мефедрон болған. Олар қылмыстарын мойындады. Қазір Алматыға шөпті жеткізу арнасы және оны өндірудің ықтимал жолдары анықталып жатыр. Ұсталғандар қамауға алынды. Есірткі сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова