Алматыда екі лауазымды тұлға пара алғаны үшін сотталды

Алматыда екі лауазымды тұлға пара алғаны үшін сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

18 қарашада Алматы қаласының Алмалы аудандық соты қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А.Сатыбалдиев пен бас маман Б.Әлібеков сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап. 

Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен кеден брокерлері В.Николас, С.Казанцева және С.Гаруни аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салуға сотталды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина