- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда екі күннің...
Алматыда екі күннің ішінде 200 келіден аса қауіпті пиротехника табылды
Рейдтер жүргізу барысында екі күннің ішінде Алматыда 200 келіден артық қауіпті пиротехника тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Алматыда жыл сайын жаңа жыл мерекелерінде 10-нан 15-ке дейін өрт болады (жылжымалы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан 05 қаңтарына дейінгі аралықта), ал өрттің жалпы санының 18 пайызы пиротехникалық бұйымдарды қолдану салдарынан болады екен.
"Пиротехника" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы қаласы ТЖД және ПД қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды өткізу орындары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр. Пиротехникалық бұйымдарды өткізу қағидаларын бұзған 23 адамға әкімшілік шаралары қабылданды, ҚР заңнамасының талаптарына сай келмейтін 262 жиынтық (200 келіден аса) пиротехникалық бұйымдар тәркіленді.
ТЖД Алматы қаласының тұрғындарына пиротехникалық өнімдерді қолдану кезіндегі сақтық шаралары туралы ескертті:
- пиротехникалық өнімдерді сатып алғанда, орамының тұтастығына және оның жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз;
-14 жасқа дейінгі балаларға пиротехниканы өз бетімен қолдануға жол бермеңіз;
- пиротехниканы қолдану кезінде өнімді өзіңізден алыстау ұстаңыз;
- қауіпті аймақ радиусында (50 метр), (ағаш шоқтары, сызықтар, отшашулар бағытын өзгерте алатын электр желілері) пиротехниканы ұшыруға ешқандай кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз;
- өнімді қатты желде қолданбаңыз;
- пиротехникалық өнім жарамсыз болған жағдайда, екінші қайтара іске қоспаңыз;
-ракета мен отшашуды адамдарға қарай бағыттамаңыз және аяқтарының астына лақтырмаңыз;
Сонымен қатар, ТЖД шыршалар мен олардың әшекейлерін орнату кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында ережелерді ескертті:
- ағаштар орнықты негізге орнатылып, үй-жайдан шығуға тосқауыл болмауы керек;
- шыршаның бұтақтары қабырға мен төбеден кем дегенде 1 метр қашықтықта орналасуы қажет;
- трансформаторсыз электр желісін пайдаланған кезде кернеуі 12 Вольтке дейінгі шамдарды қолданыңыз. Шамдардың рұқсат етілген қуаты 25 Ваттан аспауы керек;
- егер жарықтандыру кезінде ақаулық анықталса (сымдардың қызуы немесе ұшқын шығару), онда гирляндты дереу электр желісінен ажыратыңыз;
- зақымданған немесе қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан, өрт тудыруы мүмкін жарамсыз электр желілерін пайдаланбаңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина