Алматыда 15 сәуірде кешкі уақыттан бастап 17 сәуір таңға дейін толассыз жаңбыр жауады деп болжанып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы әкімдігі мәліметінше, коммуналдық қызметтер қаланың су бұру жүйелерін алдын ала тексереді, су қабылдау торларын, арық жүйелері мен құдықтарды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Арық желілері мен арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыстарға 320 жұмысшы және 88 арнайы техника жұмылдырылған. Күн сайын арық желісінен шамамен 250 текше метр смета, лай және қоқыс шығарылады.
"Су басудың алдын алу және жекелеген учаскелерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жауын-шашын кезінде мотопомпалармен, багрлермен және басқа да қажет құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады және 2,3 мың қап құм дайындалды.
Түнгі кезеңде 236 арнайы техниканы, 28 мотопомпаны және 215 жол жұмысшысын тарту жоспарланып отыр. Қажет болған жағдайда қосымша 150 техника мен 200 жұмысшы жұмылдырылады", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік өкілдері су басқан немесе уақытша су жиналған жағдайда аудан әкімдіктеріне хабарлауға немесе +7 706 689 8898 what's app нөміріне хабарлама жазуға шақырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз