Алматыда екі көше бірнеше күнге жабылады

Алматыда екі көше бірнеше күнге жабылады
Фото: depositphotos.com

Алматыда Бекмаханов және Әшімов көшелерінің учаскесінде қозғалыс жартылай шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы түрде қайта жаңарту жалғасып жатыр. Сондықтан 11 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 06:00-ге дейін қаланың екі ауданында көлік қозғалысы екі бағытта уақытша жабылады:

  • Наурызбай ауданында Райымбек даңғылынан Базарбай Жұманиязов көшесіне дейін Әшімов көшесінде 521 метр құбыр ауыстырылады;

  • Түрксіб ауданында Сүйінбай даңғылынан Майлин көшесіне дейін Бекмаханов көшесінде 2 шақырым жылу желісі ауыстырылады.

Жаңарту жұмыстары жүргізілген кезде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget