Алматыда екі қабатты таунхаусты бұзу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпаратына сәйкес, Асқартау шағын ауданындағы үй иесіне рұқсат құжаттарының толық пакеті болмағандықтан, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Белгіленген мерзім өткеннен кейін басқарма Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына үйді бұзу туралы талап арыз берген.
"2024 жылғы 2 мамырда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың бұзу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Кейін әділет департаментінде атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Нысанды бөлшектеу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен басталды", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдың басынан бері 72 заңсыз нысан толық немесе ішінара бұзылды, олардың ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және басқалары бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!