Алматыда екі қабатты кафе өртенді

Алматыда екі қабатты кафе өртенді
Фото: Коллаж: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов, depositphotos.com

Алматыда екі қабатты кафеден өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақпаратқа сүйенсек, оқиға Бостандық ауданында болған.

"Осы сәтте өртсөндірушілер Бостандық ауданы Сәтбаев көшесіндегі екі қабатты кафені сөндіріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

ТЖМ

Кейінірек ТЖМ өрт оқшауланғанын хабарлады. Ғимаратта қонақтар болмаған, қызметкерлер алдын ала эвакуацияланған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget