Алматыда екі қабатты ғимарат түгін қалдырмай сүріліп жатыр

Алматыда екі қабатты ғимарат түгін қалдырмай сүріліп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Бәйдібек би көшесі, 59-үй мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталған.

Бұған дейін "Он жеті" жеке кәсіпкерлігіне қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, әкімшілік шаралар қолданылған. Кейін Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына осы екі қабатты нысанды бұзу туралы талап арыз берілген.

"23 маусымдағы сот шешімімен талап толық қанағаттандырылды. 20 қазанда бірінші сатыдағы шешім күшінде қалды", - деп жазылған хабарламада.

Суреттер: Алматы әкімдігі

Бүгін нысанды бұзу жұмыстары басталған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget