Алматыда екі жастағы бала қайшыға құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқыс оқиға үйде болған, бала қайшымен жүгіріп жүріп, сүрініп құлап, өткір зат маңдай тұсына кіріп кеткен.
Жедел жәрдем бригадасы сәбиді балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізген. Ол бірден жансақтау бөліміне ауыстырылып, дәрігерлер жедел түрде қайшыны алып тастаған. Кейін науқас жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.
"Қайшыны алу шамамен 10 минутқа созылды. Бала бір апта бойы балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында мамандардың бақылауында болды. Емдеу аяқталған соң жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды. Алдағы уақытта тұрғылықты жері бойынша емханада невропатологтың бақылауында болады", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова