Алматыда екі бірдей ұрлық видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қылмыстың бірі Жұмабаев көшесінде орналасқан көлік жуу орнында жасалған.
"Жәбірленуші көлігін көлік жууға қалдырып кеткенін, оны қайта алған кезде 160 мың теңгенің жоғалғанын анықтағанын айтты. Бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен 2000 жылы туған Я.есімді азамат ұсталды. Райымбек даңғылы бойындағы азық-түлік дүкенінде тағы бір мүліктік қылмыс болды. Сауда мекемесінің әкімшілігі тұрмыстық заттардың санына жетпей, полицияға хабарласқан. Дүкен сөрелерінен 2001 жылы туған А.есімді ер адам ұрлық жасап жүргені анықталды. Айтпақшы, ол бұған дейін де осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол да ұсталды", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Екі жағдайда да ұрлық әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Тергеушілер қазір күдіктілердің осыған ұқсас басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!