Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Жол апатын Алматы қалалық мобилділік басқарасы өкілдері растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 2 ақпанда таңертең Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында, "Қазақфильм" киностудиясына қарама-қарсы жерде болған. №31 бағыттағы автобус №116 қоғамдық көліктің артқы жағынан соққан. Соққыдан №116 автобустың артқы әйнегі сынған.
Куәгерлердің түсіріп алған видеосына қарағанда, автобустар аялдамада соқтығысқан.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!