Алматы полициясы такси жүргізушісіне жасалған шабуылды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сағат 22.00-де Алматы тұрғыны "102" пультіне қоңырау шалып, бейтаныс біреулер оның такси қызметімен айналысатын ағасын күштеп ұстап отырғанын және туыстарынан 500 мың теңге талап етіп жатқанын хабарлады.
"Жедел кезекшілерге Chevrolet автокөлігі туралы анықтама берілді. Бұл көлікті "Буран-307" патрульдік экипажы Жұлдыз ықшамауданында тоқтатты. Көлік ішінде такси жүргізушісі – 2000 жылы туған М.есімді азамат және 35 пен 38 жастағы екі күдікті болған. Олардың бірі қашуға тырысты. Бірақ ол ұсталып, сыбайласымен бірге қамауға алынды. Айтпақшы екі айыпталушы да бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір олардың іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігімен квалификацияланды", - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!