- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда егде жастағы...
Алматыда егде жастағы әйелдердің әшекейін жұлып алып жүрген күдікті ұсталды
Алматыда егде жастағы әйелдерді тонаумен айналысқан күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әуезов аудандық полициясының мәліметінше, 27 жастағы Б. есімді күдікті тек егде жастағы әйелдерді тонап келген. Ол мұны тапа-тал түсте де істеген.
"Ол егде жастағы әйел адамдардың әшекей бұйымдарын ашық түрде тартып алып, із жасырып жүрген. Күдікті қамауға алынды. Тергеудің бастапқы кезеңінде осыған ұқсас 12 қылмыс жасағаны белгілі болды. Басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр. Қолды қылған әшекей бұйымдарды ол қала базарларының бірінде саудалап үлгерген. Қазіргі таңда ұрланған мүлікті сатып алған тұлғалар іздестіріліп жатыр. Олар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Алматының Әуезов аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің өкілі.
Полиция өзге ақпаратты тергеу мүддесі үшін жария етпейтінін, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР Қылмыстық кодексінің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, кез-келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп есептелетінін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан