- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда дүкенде қыз...
Алматыда дүкенде қыз баланың кеудесінен ұстап алған ер адам қамауға алынды
Алматыда дүкен ішінде әйел адамның кеудесін ұстаған ер адамды полиция 5 тәулікке қамауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
18 тамыз күні супермаркеттердің бірінде әйел адамның кеудесіне қолын салған ер адам Атырау қаласынан анықталып, ұсталды.
Атырау қаласының 1988 жылы туған тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан.
Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін жәбірленуші қыз супермаркетте болған оқиғаның видеосын көрсеткен болатын. Видеода ер адам кетіп бара жатқан қыздың кеудесінен ұстап алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"18 тамызда мен досыммен үйге азық-түлік сатып алу үшін дүкенге бардым. Видеода оның не істегенін көресіз. Оның үстіне, егер сіз мұқият қарасаңыз, ол мені көшеден байқап, ойын жүзеге асыру үшін күтіп тұрған. Ол қатты мас болды. Мен бұл адамның қандай да бір жазаға тартылғанын қалаймын", - деп жазды қыз әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын жариялап.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина