Алматыда "дрифт-шоу" жасаған тағы бір жүргізуші 10 күнге қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласы әкімшілік істері жөнінде мамандандырылған ауданаралық соты азамат Байрамов Рахиб Рапикті "Ұсақ бұзақылық" жасағаны үшін 10 күнге қамауға шешім шығарды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, екі көліктің Әл-Фараби даңғылының бойында ереже бұзғаны бейнеленген видео Интернетте 27 қыркүйекте пайда болған еді. Кейін жүргізушілердің ұсталғаны хабарланды.
29 қыркүйекте полиция қауіпті дрифт жасаған екі адамның қамауға алынғанын хабарлады.