- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол ережесі
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Фото:
Алматы ПД
Алматының Алатау ауданында кеше кешкісін жол қозғалысы ережесі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері құқықбұзушыны құрықтап, ұсақ бұзақылық, апаттық жағдай туғызғаны және сақтандыру полисінің жоқтығы үшін жауапкершілікке тартты.
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 20 жастағы құқықбұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина