Алматыда “дөрекі“ жарнама баннері жұрт назарына ілікті

Алматыда BI Group компаниясының баннері тұрғындардың назарын аударды. Жарнамада көліктің нөмірі бейәдеп сөз секілді оқылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда BI Group компаниясы баннер іліп, онда "314ZDA01" нөмірлі көлік бейнеленген. Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Бұл - елдегі ең ірі компаниялардың бірі әрі баннер қаладағы ең көп жүретін көшелердің бірінде тұр", – делінген жарияланған жазбада.

Компания не дейді?

BI Group компаниясы баннер екі күн бұрын ауыстырылғанын мәлімдеді.

"Баннердің дизайнын жасау және басып шығару барысында техникалық қате кеткен. Қазір мәселе шешілді, жағдай реттелді", – делінген компания пікірінде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!