Алматыда доллар ауыстырмақ болғандар бес жылға сотталды

Алматыда доллар ауыстырмақ болғандар бес жылға сотталды
Фото: Көрнекі сурет

Алматыда жалған ақша өткізбек болған купюраларды өткізбек болған екі күдікті сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 100 долларлық жалған купюраларды өткізбек болған екі күдікті бес жылға бас бостандығынан айырылды. 

"Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да, бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны делдалдардан сатып алмаңыз. Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізу фактісін анықтады. Аталған тұлғалар бақыламалы сатып алу барысындағы жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Нақтылай кетейік, криптовалюта сатып алатынын айтқан екі азамат жалпы сомасы 32 700 доллар болатын жалған шетелдік купюра айырбастаған. Сот үкімімен екеуі де кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 5,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева