Алматыда қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 сәуірде Алматыда жартылай марафон өтетін жол учаскелерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Осыған байланысты Қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көлік бағыттарына да уақытша өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.
"20 сәуірде сағат 11:00-ге дейін 68 маршруттың қозғалыс сызбасына түзетулер енгізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Соның ішінде №1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19, 25 троллейбустардың қозғалысы сағат 11:30-ға дейін тоқтатылады.
"Сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерді айналып өтетін қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова