Алматыда демалыс күндері Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады

Алматыда жәрмеңкеге байланысты демалыс күндері Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-3 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары ауыл шаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.

"Құрметті көлік иелері! Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 1 қараша сағат 20:00-ден 3 қараша 20:00-ге дейін жабылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз", - деп хабарлады әкімдік.

Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары да өзгергені белгілі болды. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз