Жәрмеңкеге байланысты демалыс күндері Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 25 қазан сағат 13:00-ден 27 қазан 20:00-ге дейін жабылады.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!