Алматыда демалыс күндері орталық көшелер жабылады

Алматыда демалыс күндері орталық көшелер жабылады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

20 сәуірде Алматыда Almaty Half Marathon өтеді, осыған байланысты қалада көлік қозғалысы схемасы уақытша өзгереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Марафон сағат 07:00-де басталады деп жоспарланып отыр және тұңғыш Президент саябағынан басталады.  Бағыты әл-Фараби даңғылы бойымен өтіп, Сәтбаев көшесі, 29/3 мекенжайында орналасқан Орталық стадионда аяқталады.

21 шақырымдық жүгіру бағытының картасы / Фото: Almaty Half Marathon

Жабылатын жолдар:

  • Сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы – Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейін жабылады, оңтүстік жағы ашық болады;
  • Сағат 06:45-тен 09:30-ға дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы – Мұстафиннен Назарбаев көшесіне дейін жабылады;
  • Сағат 07:10-нан 08:30-ға дейін Сейфуллин даңғылы – әл-Фарабиден Абай даңғылына дейін толығымен жабылады;
  • Сағат 08:30-дан 11:00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағы – Саин көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін жабылады, солтүстік жағы ашық болады;
  • Сағат 07:20-дан 09:00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағы – Сейфуллин көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін жабылады;
  • Сағат 08:20-дан 10:00-ге дейін Саин көшесінің шығыс жағы – әл-Фарабиден Абай даңғылына дейін жабылады, батыс жағы ашық болады.

10 шақырымдық жүгіру бағытының картасы / Фото: Almaty Half Marathon

Жүргізушілерге 20 сәуірде таңертең сапарларын жоспарлау барысында осы өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget