Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүретіні белгілі болды

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүретіні белгілі болды
Фото: Әлихан Сариев

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүретіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап. 

31 желтоқсанда қоғамдық көлік әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

1 қаңтарда жылжымалы бірліктің 50 пайызы жолға шығарылады. 2, 3 қаңтар күндері қоғамдық көлік мереке күнінің кестесімен жұмыс істейді, яғни автобустар мен троллейбустардың 70 пайызы қызмет көрсетеді.

№3 түнгі маршруттың жұмыс кестесі сағат 23:00 мен 06:00 аралығында болып өзгеріссіз қалады. Медеуге қатынайтын №12 маршрутта түнгі сағат 00:30-ға дейін 20 автобус  жүретін болады.
Метро штаттық режимде сағат 06:20-дан сағат 00:00-ге дейін мереке күнінің кестесімен 12-15 минуттық интервалмен жұмыс істейтін болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина