Алматыда демалыс күндері қайда баруға болады?

Қауырт жұмыс аптасынан кейін сенбі, жексенбі - көбінің әдемі жерлерде демалуды жоспарлайтын күндері. Massaget.kz тілшісі Алматыда сенбі мен жексенбіде көңіл көтеруге болатын орындарды ұсынады.

Ауа райы қандай болады?

6 тамызда 28 градус, ал 7 тамызда 30 градусқа дейін ыстық болатыны болжанған. Жауын-шашын жаумайды. Демек ауа райы демалыс күндерін сәтті, қызық өткізуге ыңғайлы.

Сенбі, жексенбіде қандай көрме, музей, театр қойылымдары бар?

Көркемөнерді бағалайтындарға демалыс күндері тегін мүмкіндіктер көп. Бұл қатарда театр, көрме, музейлер бар. Әсіресе, балалармен бірге көруге болатын қойылымдар жетерлік. 

1) SCULPO көрмесі құрамына түрлі стиль мен техникадағы дөңгелек мүсіндер, рельефтер жасаған бес мүсіншінің жұмыстары кіреді. Олар - Дәурен Досмағамбетов, Әлібек Мергенов, Бағдат Сәрсен, Асқар Есдәулет және Талғат Жұмағұлов.

Кіру тегін, ал мекенжайы - Esentai Gallery, әл-Фараби даңғылы, 77/8.

2) 4-18 тамыз аралығында (19:00-21:00) "Адам - Табиғат" атты көрме өткізіледі. Көрменің мақсаты - адамдардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту.

Мекенжайы - "Аюсай" визит-орталығы, Көкшоқы көшесі, 1а/1, кіру құны - тегін.

3) Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында "Алтын бесік - балалық шақтың сиқырлы әлемі" атты көрме ашылды. Көрмеге 80-нен аса кескіндеме, графика және мүсін туындысы қойылған. Көрме тамыздың аяғына дейін созылады. Демек, сенбі-жексенбі осы мүмкіндікті пайдалануға болады.

Кіру құны - 200 - 500 теңге. Мекенжайы - Ә. Қастеев атындағы өнер музейі, Көктем ш.а. 3, 22/1.

4) BUNKER театрында демалыс күндері мынадай қойылымдар болады: 6 тамызда сағат 20:00-де "Хозяйка гостиницы", ал 7 тамызда сағат 15:00-де "Сказка о Великой Тайне", 20:00-де "Откуда-куда-зачем".

Театр мекенжайы: Досмұхамедов көшесі, 78а. Кіру құны 3000 теңгеден басталады.

5) La Boheme театрында 6 тамызда сағат 12:00-де, 7 тамызда сағат 14:00-де "Интерактивный цирк Шапито", сондай-ақ, 6 тамызда сағат 14:00-де "В гостях у кролика Роджера", 7 тамызда сағат 12:00-де "Академия фей и волшебников" қойылымдары болады.

Мекенжайы - Зенков көшесі, 24. Ал билет құны 2500 теңгеден басталады. 

6) "Тотальный театр" театр компаниясында 6, 7 тамызда сағат 12:00-де "Винни Пух или день рождения Кристофера Робина" қойылымы болады.

Өтетін орны - Шевченко, 114. Кіру құны 2000 теңгеден басталады.

Демалыс күндері сағат 14:00, 16:00 и 18:00-де "Колобок" қойылымы болады. Мекенжайы - Grand Park сауда орталығы, Қабдолов көшесі 1, блок 10С. Кіру құны 500-1500 теңгеден басталады.

7) Мемлекеттік қуыршақтар театрында 6 тамызда сағат 14:00-де "Қызыл телпек", ал 7 тамызда сағат 14:00-де "Қуыршақ думан" қойылымдары көрсетіледі. Театр Пушкин, 63 мекенжайында орналасқан. Кіру құны 1000 теңгеден басталады.

8) "Трансформа" мәдени кеңістігінде 6 тамызда сағат 19:30-да "Белый кролик, красный кролик" қойылымы көрсетіледі. Мекеме Шевченко, 114 мекенжайында орналасқан. Билеттер 3000 - 5000 теңгеден басталады.

9) Қазақтың көрнекті тұлғаларының музей-үйлері сенбі-жексенбі ашық.

- Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі сенбі бен жексенбіде 10:00-19:00 аралығында ашық болады. Кіру құны - ересектерге 500 теңге, оқушылар мен зейнеткерлерге 200 теңге, студенттерге 300 теңге. Мекенжайы - Байтұрсынұлы көшесі, 60.

- Д.А.Қонаев музейі бойынша бірінші музей жексенбіде 10:00-19:00 аралығында, ал мемориалдық пәтер-мұражайы сенбіде сағат 10:00-19:00 аралығында жұмыс істейді. Мекенжайы: М.Төлебаев, 117 және М.Төлебаев, 119.

- Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музейі сағат 10:00-17:00 аралығында ашық болады. Мекенжайы: Төлебаев көшесі, 125. Кіру құны: мектеп оқушыларына – 150 теңге, студенттерге – 200 теңге, ересектерге – 300 теңге.

Табиғаттағы демалыс: қайда, қай уақытта?

Алматыда демалыс күндері баратын табиғаттағы нысан өте көп. Ақылы қызмет көрсететін турлар арнайы орындардан бөлек, атпен серуен, көпшілікпен бірге тауға шығу секілді ерекше демалыс түрлерін де ұсынады. Осы орайда бірқатар ақылы турларды ұсынамыз:

Көлсай-Қайыңды бойынша турлар:

- sayahat.like туры, 6 және 7 тамыз, билет құны - 7500 теңге.

- k.k.tour туры, 6, 7 тамыз, билет құны - 11 000 теңге.

- steppe_spirit туры күн сайын, билет құны - 12 000 теңге.

Есік көлі, Түрген сарқырамасы, форель шаруашылығы бойынша турлар:

- sayahat.like туры, 7 тамыз, билет құны - 4000 теңге.

- k.k.tour туры, 6, 7 тамыз, билет құны - 6000 теңге.

Асы үстірті бойынша турлар:

- Асы үстірті мен Түрген сарқырамасына арналған k.k.tour туры, 6, 7 тамыз, билет құны - 12 500 теңге. 

- Асы үстірті мен Аю сарқырамасына арналған steppe_spirit туры, 6, 7 тамыз, билет құны - 14 000 теңге, ал түнеу құны - 18 000 теңге.

Шарын шатқалы бойынша турлар:

  • steppe_spirit туры, 6, 7 тамыз, билет құны - 7 000 теңге.

Ақылы турлар көп екені белгілі, демалыста осындай белсенді демалысты қаласаңыз, Instagram көмекке келеді. Әр тур бірнеше күн бұрын бағыттарды, уақыты мен ақысын жариялайды.

Ал ешқандай қаржысыз, тауда демалуды жөн көрсеңіз, Көкжайлау, Жапон жолы, Алмарасан, Құмбел, Үш ағайынды, Фурманов, Аюсай, Медеу, Шымбұлақ, Мыңжылқы секілді Іле Алатауының шыңдары мен шатқалдарына достарыңызбен бірге шығып, әдемі көріністі тамашалап, уақыт өткізуге болады.

Концерттер

Белгілі әнші Парвиз Назаров 6 тамызда сағат 20:30-да "Музкафеде" өнер көрсетеді. Ол "Белые облака", "Крестная мать", "Лети" секілді танымал әндерін орындайды. Мекенжайы - Алматы, Абай даңғылы, 117. Сондай-ақ, Latino Guns тобы "латино" стилінде ән орындайды. 

Кинолар

Алматыда 6, 7 тамызда қыдыратын орындардан бөлек, "Миньоны: Грювитация", "Быстрее пули", "Клаустрофобы. Долина дьявола", "Бишарашки", "Казахи против пришельцев" секілді фильмдерді тамашалауға болады.

Ақылы орындармен қатар, қала тұрғындары жақсы ауа райын пайдаланып, парктерде пикник ұйымдастырып, қала көшелеріне ми тынықтырар серуенге шыға алады.