Алматыда демалыс күндері бірнеше көше уақытша жабылады

15 қарашада Алматыда 2 500 адам қатысатын CityRun жарысы өтеді. Осыған байланысты бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Шектеулер сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін жалғасады. Жолдар жүгіруге қатысушылар қашықтықты еңсерген сайын біртіндеп ашылады.

Жарыс басталатын және аяқталатын нүктелер Астана алаңында орналасады. Осыған байланысты Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі Төле би көшесінің екі бағыттағы қозғалысы сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін шектеледі.

Мына жол учаскелері толық жабылады:

  • Төле би көшесі, Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін - сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін;
  • Наурызбай батыр көшесі, Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін - сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін;
  • Бөгенбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін - сағат 08:00-ден 09:35-ке дейін;
  • Қабанбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін - сағат 08:00-ден 09:15-ке дейін;
  • Шевченко көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін - сағат 08:00-ден 08:55-ке дейін;
  • Құрманғазы көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін - сағат 08:00-ден 08:35-ке дейін.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі/Сызба

Жүргізушілерге бағыттарын жоспарлау және қозғалыстағы уақытша шектеулерді ескеру ұсынылды.