Алматылық травматологтар 55 жастағы науқастың аяғын 10 сантиметрге ұзартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының травматологы Дәулет Чукманов 1969 жылы туған науқасқа оң жамбас мойнының эндопротездеу отасын сәтті жасап шықты. Бұл ота 1994 жылы жамбас мойнының сынуынан туындаған ұзақ мерзімді мәселенің шешімі болды.
Науқастың жамбас мойны сынуы салдарынан оң аяғы 10 сантиметрге қысқарған. Аяқ уақыт өте келе қысқарып, созылмалы ауырсынуды тудырған.
Ота кезінде Дәулет Чукманов науқасқа жамбас буынының жалпы эндопротезін орнатты.
1,5 сағаттық ота кезінде травматологтар аяқты ұзартып, буынның жұмысын қалпына келтірді.
"Ота сәтті өтті. Аяқтың ұзаруы және эндопротезді орнату қалыпты физикалық белсенділікке оралуға және созылмалы ауырсынудан арылуға мүмкіндік берді", - деді Дәулет Чукманов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз