Алматыда бұрынғы әйелін балаларының көзінше сабаған ер адам ұсталды

Алматыда ер адам балалардың көзінше әйелді соққыға жыққан. Күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Әлеуметтік желілерде әйелдің диванда отырған видеосы тарады. Оның бет-аузы қан-жоса екені көрінеді. Қасында екі бала бар, олардың бірі жылап отыр.

Әйелдің айтуынша, оқиға 28 тамызда болған. Ол өзіне бұрынғы күйеуі шабуыл жасағанын мәлімдеді. Олар үш жыл бұрын ажырасып кеткен. Оның сөзінше, шабуылдан кейін ол ауыр жарақат алған, жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше ота жасалған.

Полиция не дейді?

Полиция департаменті өкілі бұған дейін ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген еді.

17 қыркүйекте Алматы полициясы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Барлық материал жан-жақты қаралады, ал тергеу аяқталған соң қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылданады", - деді ведомство өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!