Алматыда бұрын бірге тұрған әйелін қорқытып, қыр соңынан қалмаған ер адам сотталды

Алматыда бұрын бірге тұрған әйелін қорқытып, қыр соңынан қалмаған ер адам сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматыда бұрын бірге тұрған әйелін қорқытып, қыр соңынан қалмаған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы бойынша айыпталған ер адамға үкім шығарды. Күдікті бұрын бірге тұрған әйелін бір ай бойы қудалап, мазасын алған. Ол әйелді аңдыған, қорқыту сипатындағы хабарламалар жолдаған, байланыс орнатуға мәжбүрлеген.

Жәбірленуші Түрксіб аудандық полиция басқармасына жүгініп, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Сот ер адамның әрекетін заңға қайшы деп танып, оған 100 сағат міндетті қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте бірнеше сталкинг дерегі анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget