Алматыда бүгін түнде екі көше жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлықбек көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады.
"31 шілде сағат 21:00-ден 1 тамыз сағат 07:00-ге дейін Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толықтай жабылады", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, Қабанбай батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады.
"31 шілде сағат 22:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Қастеев көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!