Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері ауа райына байланысты тұрғындарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 наурызда Алматы қаласының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда батыс жақтан қатты жел соғып, жел екпіні секундына 22-28 метрге дейін жетеді.
Азаматтар дауыл кезінде не істеуі керек?
"Ауа райына байланысты азаматтық қорғау қызметтері, мердігерлік ұйымдар дайындықта, ТЖД күштері мен құралдары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылып, жоғары дайындық деңгейіне келтіріліп, жедел топ жұмысы құрылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда дауыл салдарынан мектеп пен колледж ғимараттарының шатыры ұшқаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!