Алматыда бірнеше қылмыс жасаған 18 жастағы күдікті ұсталды

Қаланың Медеу ауданының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бірінші жағдайда ол компьютерлік клубқа келушіні алдап, оның телефонын тартып алған. Тағы бір жағдайда қалалық мешіттердің бірі қылмыстық іс-әрекет алаңына айналды. Ол бөтен біреудің телефонын ұрлап, ізін суытқан. Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды", - деді Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Елдос Бақбергенов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!