Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Саин – Шаляпин – Яссауи – Жандосов көшелері шеңберінде су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстары басталуына байланысты 23 маусым мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі:
"Тұрғындар мен көлік жүргізушілерінен уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілері талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!