Алматыда бірнеше көшеде жол жүру шектеледі

Алматының Алмалы ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмысын жүргізу үшін бірнеше көше бойында жол жүру уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алмалы ауданында бірнеше көшеде автокөлік қозғалысына шектеулер енгізіледі:

  •  16 шілдеде сағат 9.00-ден 17 шілде сағат 19.00-ге дейін Қарасай батыр көшесі бойымен А.Шәріпов көшесінен Қожамқұлов көшесіне дейін қозғалыс жабылады;
  • 17 шілдеде сағат 9-дан 18 шілдеде сағат 16.00-ге дейін Наурызбай батыр көшесімен Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін бір жолақпен қозғалыс шектеледі. Қалған үш жолақ бойынша жол ашық болады.

Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындауға бағытталған іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмысын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Айта кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасы мен сайтта орналастырылған, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, "2GIS" пен "Яндекс карталар" сервистерінде бар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!