Алматының Алмалы ауданында пилоттық режимде жол қозғалысының жаңа схемасы іске қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, 25 маусымнан бастап Алмалы ауданындағы бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі.
Жаңа схемаға сәйкес:
"Бұл өзгерістер көлік жүктемесін азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайдың алдын алуға бағытталған. Мұндай шешім көлік легіне жүргізілген талдау мен аудан тұрғындарының өтінішіне сүйеніп қабылданды. Мамандардың айтуынша, жаңа схема көлік қозғалысын реттеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылады. Оның тиімділігіне жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша жол қозғалысын одан әрі ұйымдастыруға қатысты қосымша шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!