Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

Алматыда Әуезов ауданындағы Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Достық шағынауданы аумағында су құбыры мен кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталуына байланысты 9 шілде мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесінде кезең-кезеңімен қозғалыс толық шектеледі:

  • 1-кезең: Шаляпин көшесінен Терме көшесіне дейін;
  • 2-кезең: Терме көшесінен Абай даңғылына дейін;
  • 3-кезең: Абай даңғылынан Ұлағат көшесіне дейін;
  • 4-кезең: Ұлағат көшесінен Ақбақай көшесіне дейін;
  • 5-кезең: Жеті жарғы көшесінен Нәуметов көшесіне дейін;
  • 6-кезең: Тағзым көшесінен Ш.Қажығалиев көшесіне дейін;

"Тұрғындар мен көлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерін қатаң сақтауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!