Алматыда Әуезов ауданындағы Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Достық шағынауданы аумағында су құбыры мен кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталуына байланысты 9 шілде мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесінде кезең-кезеңімен қозғалыс толық шектеледі:
- 1-кезең: Шаляпин көшесінен Терме көшесіне дейін;
- 2-кезең: Терме көшесінен Абай даңғылына дейін;
- 3-кезең: Абай даңғылынан Ұлағат көшесіне дейін;
- 4-кезең: Ұлағат көшесінен Ақбақай көшесіне дейін;
- 5-кезең: Жеті жарғы көшесінен Нәуметов көшесіне дейін;
- 6-кезең: Тағзым көшесінен Ш.Қажығалиев көшесіне дейін;
"Тұрғындар мен көлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерін қатаң сақтауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова