Алматыда бірнеше көлік жол апатына ұшырап, бала зардап шекті

Алматыда бірнеше көлік жол апатына ұшырап, бала зардап шекті
Фото: Видео кадры

Алматының Әуезов ауданында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Жол апаты салдарынан бала жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, 7 желтоқсанда шамамен түнгі сағат 23:10-да Škoda маркалы көлік Chevrolet-пен соқтығысқан. Осыдан кейін көлік аялдамада тұрған жолаушылар автобусына, кейін Volvo көлігіне соқтығысқан.

Желіде оқиғаның видеосы тарады.

"Жол апаты салдарынан Chevrolet көлігінде отырған 2009 жылы туған бала жарақат алды. Ол балалар ауруханасына жеткізілді", - деді Алматы ПД өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget