Алматыда бірнеше ауданның әкімдері ауысты

Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Әкімдік мәліметінше, кадр мәселелері жөніндегі кеңес барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша қала әкімінің өкімімен лауазымдарға тағайындалған аудандардың жаңа әкімдерін ұжымға таныстырды.

Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды, ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.


Назира Тоғызбаева. Фото: gov.kz

Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев тағайындалды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап Абзал Егембердиев қаланың Мемлекеттік активтер басқармасын басқарды.


Абзал Егембердиев. Фото: gov.kz

Бостандық ауданының әкімі Санджар Алин болды.Тағайындалғанға дейін ол Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Санджар Алин. Фото: gov.kz

Алмалы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болды.

Айдар Жақыбаев. Фото: gov.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!