Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт әлі күнге дейін табылмай жатыр. Бұл туралы Lider.kz ұйымның еріктілері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оны еріктілер мен полиция бір аптадан астам уақыт бұрын іздей бастаған.
27 қарашада Дмитрий Александрович Мартынов есімді азамат Алматының Бостандық ауданындағы "Атакент" бизнес орталығынан жұмыстан шыққан. Содан кейін қайтып оралмаған.
Сыртқы белгілері: бойы 190 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қысқа, көзі көк. Ол қоңыр пальто, қара кофта, көк шалбар және сұр кроссовка киген.
Жоғалған адамның орналасқан жерін көрген немесе оны білетін жандар болса көрсетілген нөмірге қоңырау шалсаңыздар болады: +7701 375 92 91, +7705 105 31 31 немесе 102.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!