Алматының Бостандық ауданының полицейлері алаяқтық әрекетін жасап, сенгіш азаматтардың ақшасын иемденіп кеткен 23 жастағы әйелді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірқатар университеттің докторантурасы мен магистратурасына түсіруде өзін "маман" ретінде ұсынған күдікті әлеуметтік желіде тиімдірек шарттармен ғылыми дәреже алуға көмектесетіні туралы хабарландыру жариялаған.
"Бір "клиенттен" 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін сыйақы алғаны белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде оның қатысуымен жеті алдау дерегі тіркелді. Күдікті қамауға алынды", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Полицейлер күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккендерді Бостандық аудандық полиция басқармасы немесе мына телефондар арқылы хабарласуға шақырады: 8-747-909-65-45; 8-775-766-77-00 және 8-701-233-47-90.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!