- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы ғимараттар
Алматыда бірден екі құрылыс нысаны бұзылады
Алматыда сот шешімі бойынша екі тұрғын үй бұзылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның бірі - Нұр-Алатау шағын ауданы К.Тауасарұлы көшесі, 71/21 мекенжайдағы бір учаскеде орналасқан 3 қабатты үйлер.
"Жоспардан тыс тексеру барысында рұқсат беру құжаттары жоғы анықталды, нәтижесінде меншік иелеріне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Басқарма Бостандық аудандық сотына нысандарды бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылы 29 қыркүйекте сот екі үйді бұзу туралы шешім қабылдады. 2024 жылғы 31 қаңтарда Алматы сотының қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалды.
Кейін сот шешімі әділет департаментіне келіп түсті, онда атқарушылық іс қозғалды.
Айта кетейік, былтырдан бері 62 құрылыс нысаны толығымен немесе ішінара бұзылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова