• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Алматыда бір топ жасөспірім жабылып, қызды аяусыз соққыға жыққан

Алматыда бір топ жасөспірім жабылып, қызды аяусыз соққыға жыққан
Фото: depositphotos.com

Алматының Жетісу ауданындағы мұз айдынында бір топ жасөспірім жабылып, қызды соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді.

"Жанжалдасып қалған екі жасөспірім қыздың да ата-анасы бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Видеода жасөспірімдердің жерде жатқан қызды ұрып-соғып жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желілерде осы оқиғадан кейін қыздың көп жарақат алып, ауруханаға жатқызылғаны айтылған. Оның қабырғалары сынып, миы шайқалған және брекеті де сынған көрінеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес