Алматыда көшенің бойында намаз оқығандардың әрекеті қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл жайтқа қатысты Алматы полиция департаментінің өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Орталық мешіт маңында болған. Кадрлардан намаз оқуға жиналған жамағаттың артында жедел жәрдем көлігі тұрғаны да көрінеді.
Бұл дерекке қатысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп жатыр.
"Тиісті шаралар қабылданады", - деді полиция.
Полицейлер азаматтарды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға шақырады.
"Кез келген себеппен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзу деп саналады және ҚР ӘҚбК-нің 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы полициясы профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Мұндай деректерге жол берілмейді, олар тоқтатылады", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!