Алматыда бір топ адам жолды жауып намаз оқыған: полиция пікір білдірді

Фото: Видео кадры

Алматыда көшенің бойында намаз оқығандардың әрекеті қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл жайтқа қатысты Алматы полиция департаментінің өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Орталық мешіт маңында болған. Кадрлардан намаз оқуға жиналған жамағаттың артында жедел жәрдем көлігі тұрғаны да көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от https://youtu.be/ENrxKMi2p3E (@zhazirabegaly_tv)

Бұл дерекке қатысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп жатыр.

"Тиісті шаралар қабылданады", - деді полиция.

Полицейлер азаматтарды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға шақырады.

"Кез келген себеппен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзу деп саналады және ҚР ӘҚбК-нің 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы полициясы профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Мұндай деректерге жол берілмейді, олар тоқтатылады", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова