Алматыда бір мезетте жеті бірдей көлік соқтығысты. Қазіргі уақытта полиция бұл факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін, 16 қазанда Алматыда ірі жол апаты болды. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жантүршігерлік жол апатына қатысты түсінік берді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол апаты күндізгі сағат 15:30-да Алатау ауданында болған.
"Автокөлік жүргізушілері көше бойымен ілеспе бағытта жүрді. Салдарынан "ГАЗ" маркалы машина жүргізушісі мен жолаушы медициналық көмекке жүгінді", - делінген хабарламада.
Көлік жүргізушілері сол бағытта Солтүстік айналма жол бойымен келе жатты. Соқтығыс салдарынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.
"Алатау аудандық жол полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жаппай жол апатына кімнің кінәлі екені тергеу аяқталған соң белгілі болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!