Алматыда бір мезетте бес көлік соқтығысқан

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Құлжа тасжолында болған ірі жол апатының видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода бір мезетте бес көлік соқтығысқаны көрінеді. Полицияның мәліметінше, жол апатына себеп болған Mitsubishi жүргізушісі жауапкершілікке тартылған, ол жол ережесін бұзған. 

Видеода бейәдеп сөздер айтылады.

Алдын ала мәлімет бойынша оқиға Алматы - Көкпек - Көктал тасжолының 32-шақырымында болған. Mitsubishi жүргізушісі Toyota Carina E көлігімен соқтығысқан.

Осыдан соң Toyota Volkswagen көлігімен соқтығысып, кейін Toyota Camry және Audi көліктеріне де зақым келген.

Оқиға салдарынан жүргізушілер мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!