Алматыда бір мандатты депутаттар бойынша округтер картасы әзірленді

Алматыда бір мандатты депутаттар бойынша округтер картасы әзірленді

Алматы қаласының Мәслихаты бір мандатты депутаттар бойынша округтер картасын ұсынды. Енді алматылықтар мәслихат сайтындағы "Округтер картасы" қосымша бетінде өз округінің депутаты туралы ақпаратты оңай көре алады.

Картадағы әрбір округ депутат туралы толық мәліметтермен, соның ішінде оның фотосуреті мен байланыс деректерімен айқындалған. Сайлау округінің шекаралары да белгіленген.

"Енді әрбір тұрғын картадан мекенжайын таңдап, өз депутатын таба алады. Сонымен қатар, өтініш қалдырып, жеке қабылдауға жазылуға мүмкіндік бар. Бұл қадам тұрғындар мен сайланған депутаттар арасындағы өзара байланысты жақсарту және тиімділікті арттыру үшін жасалды", - деді қалалық мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Айта кетейік, округтер картасы Алматы қаласының цифрландыру басқармасымен бірлесіп әзірленді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек